Бокстан әлем чемпионы қызын зорлағаны үшін сотталып кетті
Бокстан ауыр салмақтағы Аргентинаның бұрынғы чемпионы Карлос Бальдомир қызына зорлық жасағаны үшін 18 жылға сотталды.

Тергеу көрсеткендей, Бальдомирдің азғындығы қызы сегізге толғанда басталды. Бұрынғы әйелі спортшыны айыптады. Сот барысында 48 жастағы аргентиналық өзін ашулы күйде ұстады.
Прокуратура 14 куәгердің айғақтарына сүйенді. Бальдомир қызын жыныстық зорлаудың бірнеше эпизодтары бойынша сотталды.
Бальдомир мансабын 2014 жылы аяқтады. 2006 жылдың шілдесінде Артуро Гаттиді жеңген Бальдомир бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Сол жылдың қараша айында ол америкалық Флойд Мейвезерден жеңіліп, титулынан айырылды.
Өз мансабында Бальдомир 49 жеңіске жетіп, 16 жеңіліске ұшырады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған