Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрлі пікір айтатын блогерлердің өздерін әскерге шақыру керек – мәжіліс депутаты

Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин Қорғаныс министріне жолдаған депутаттық сауалында блогерлер мен қоғамда белсенді пікір білдірушілерді әскерге шақыру керек екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір Қарулы күштердің жағдайы туралы түрлі пікір бар. Өкінішке қарай, мұны әскерде борышын өтемеген "диван сарапшылары" айтады. Бұл мәселеге жауапкершілікпен қарап, бос сөзге жол беруге болмайды. Бірақ қоғам ҚР Қарулы күштерінің істің жайынан хабардар болуы тиістігін түсіну қажет. Бұл жерде мәселе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де, әскерге шақырылғандардың өмірі мен денсаулығына да қатысты болып отыр, олар біреудің баласы, енді біреудің бауыры", – деді Константин Авершин. 

Осы ретте депутат әскер туралы блогерлер мен қоғамдық пікір айтушылар тарапынан көпшілікке жеткізілетін ақпараттың шынайылығын арттыру үшін ұсыныс білдірді.

"Жалпыға ортақ әскери міндет және әскери қызмет заңнамасына сәйкес әскерге шақырылмаған (кейінге қалдырылған не басқа себептермен) азаматтардың ерікті түрде тиісті әскери-медициналық комиссиядан өтіп, әскери бөлімдерде уақытша (1-3 ай) жедел әскери қызмет өтеуіне мүмкіндігін пысықтау қажет", - деді Константин Авершин. 

Депутаттың сөзінше, бұл  бұл кез келген азаматқа, нағыз патриоттарға іс жүзінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Олар әскери қызметтің барлық қиындығы мен ауыртпалығын сезінеді.

"Ал, қоғам олардан Қарулы күштер туралы тікелей ақпарат алады. Сонымен қатар, бұл шара әскерге баруға ниет білдірушілерге, нағыз патриоттарға іс жүзінде елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға өз үлесін қосуына мүмкіндік береді. Осылайша, әскери қызметтің нағыз қиындығы мен ауыртпалығын сезінеді. Менің ойымша, бұл олардың дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертеді", – деді депутат.

Сонымен қатар бұл бастама жедел әскери қызмет өткермеген, қолына автомат ұстамаған азаматтардың ең болмағанда, бастапқы әскери даярлықтан өтуіне мүмкіндік туғызбақ.

"Қорғаныс министрлігіне осы мәселені қарауды, нормативтік-құқықтық актілерге, бұйрықтарға тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар дайындауды, қажет болған жағдайда азаматтардың әскери жиындардан өтуіне қатысты жаңа бұйрықтар әзірлеуді ұсынамын", – деді Константин Авершин.

Талқылау