Блогер Жанәбіловтердің тәркіленген телефондары сатылымға шығарылды

Сотталған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың смартфондары E-Qazyna мемлекеттік мүлік порталында ресми түрде аукционға қойылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Он жеті iPhone 16 смартфоны аукционға қойылды. Сатушы – Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.
Онлайн сауда платформасының мәліметі бойынша, аукцион шарттары келесідей:
- Бір лоттың бастапқы бағасы - 484 990 теңге;
- Қатысушылар үшін кепілдік жарнасы - 72 749 теңге.
ОқыңызАукцион 8 шілдеде сағат 10:00-де өтеді деп жоспарланған. Аукцион электронды түрде өткізіледі, бағасы өседі.
Айта кету керек, бұл тәркіленген блогерлік мүліктің алғашқы партиясы емес. Бұған дейін Жанәбіловтердің тәркіленген сегіз көлігі сатылымға шығарылды.
Еске салайық, 2026 жылғы 13 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс қарала бастады. Айыпталушылар мен олардың адвокаты сот процесін жабық форматта өткізуді сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Алайда сот отырысы кезінде БАҚ өкілдеріне фото және бейнетүсірілім жасауға тыйым салу туралы өтініштері мақұлданды.
27 сәуір күні прокурор Олжас Хайруллаев блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады. Мемлекеттік айыптаушы Ерболат Жанәбіловке Қылмыстық кодекстің 55-бабын қолданып, түпкілікті жаза ретінде 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеуді сұрады.
Ал Эльмира Төлегеноваға 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын ең төмен қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеу ұсынылды. Сонымен қатар жазаны өтеу мерзімі 2 жыл кейінге қалдыруды сұрады. Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылар лицензиясыз кәсіпкерлікпен айналысып, аса ірі көлемде табыс тапқан. Сонымен қатар оларға қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айып тағылған. Кейін судья үкім шығарып, Ерболат Жанәбіловке 2 жыл шартты жаза тағайындалса, Эльмира Төлегенова 2 жыл бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады