Блогер Juzzeffina мас күйінде Құранды рэп қылып оқып, жұртты шошытты
Желіде Juzzeffina лақап атымен танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева Құран аяттарын рэп секілді оқимын деп сынға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/juzzeffina244/
Блогер әріптесі Айшолпанның қолынан микрофонды жұлып алғанын видеодан көруге болады.
Қазақстандағы барлық блогер жиналған туған күнде олар қызық ойындарға қатысқан.
Қазақша рэп оқып жатқан Айшолпан есімді блогердің қолындағы микрофонға талас басталып, Жұлдыз оны тартып алады Кейін мен де өнерімді көрсеткім келеді деп Құранның бір сүресін рэпше оқыған.
Блогердің ерсі әрекеті жұрттың наразылығын тудырып, сынның астына қалды.
@nurzhfmqyya
♬ оригинальный звук - АККАУНТ САТЫЛАДЫ
“Көзі айналып тұр. Удай мас қой. Құран күлкі қылатын дүние емес қой. Мазақ болған осыларға ұнай ма? Сүре айтқаны қате болды", “Ешқайсысы оңып тұрған жоқ”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, "Ер адамдардан қорқып қалдым" деген блогер Juzzefinа зорлыққа ұшырағанын жасырмаған еді.