БҚО-да жол көлік апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты
Батыс Қазақстан облысында жол көлік апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты. Көз жұмған алты адамның төртеуі — балалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Теректі ауданындағы Бекей кентінің маңында болды. Лада приора жүк тасымалдайтын DAF фурасымен бетпе-бет соғылған. Жеңіл көлікте ерлі-зайыпты төрт баласымен болған.
Барлығы оқиға орнында көз жұмды. Балалардың екеуі мектеп оқушысы болса, қалған екеуі бес және бір жастағы бүлдіршін. Тәртіп сақшыларының айтуынша, көлік тізгіндеген 34 жастағы отағасы қарсы бағытқа шығып кетіпті. Ол рөлде қалғып кеткен болуы керек деп отыр.
“Ол жерде Лада автокөлігінің тежеуішін басқан ізі қалған жоқ. Сондықтан да біздің тұжырым бойынша, Лада автокөлігінің жүргізушісі ұйықтап кетті. Не болмаса біреумен сөйлесем деп, көңілін бөліп жіберіп, автокөлікке байқамай соғылды”, – дейді БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншин.
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"
Маска мен мұрын фильтрі алматылықтарды лас ауадан расымен қорғай ма: Мамандар құралдардың қайсысы тиімді екенін түсіндірді
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек