БҚО-да жасөспірім мектепті "жаратынын" хабарлаған
БҚО-да 17 жастағы жасөспірім мектепте бомба жаратыны жайлы хабар таратқан. Көп ұзамай, оқушылар білім ордасынан шығарылып, аулаға жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келіп жеткен. Алайда "бомба" жайлы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

БҚО полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Подстепное ауылындағы мектепке "бомба" қойылғаны жөніндегі ақпарат 10:30-да келіп түскен.
"Қазіргі уақытта Подстепной ауылының 2005 жылғы тұрғынының тұлғасы мен бұлай әрекет етуінің себебі анықталуда", – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Ақтөбедегі студенттер жатақханасынан өрт шықты
Жасөспірім "Вконтакте" желісіндегі парақшасында мектепте бомба жаратыны жайлы ақпарат қалдырған. Туыстарының бірі оны байқап, полицияға хабар берген. Өзге мәліметтер анықталуда.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді