Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі студенттер жатақханасынан өрт шықты

25 қаңтар күні Ақтөбеде Батыс Қазақстан медициналық университетінің жатақханасынан өрт шықты. Ғимартта 300-ге жуық студент тұрса, өрт кезінде соның 95-і сабақта болған. Ғимараттағылар эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” парақшасына сілтеме жасап.

Таңертеңгі уақытта Пацаев көшесіндегі жатақхананың 3-қабатында тоңазытқыш ақауының  себебінен өрт шыға бастаған. Жалын жатақхана бөлмелеріне таралып, түтінге оранған. Өртті сөндіруге 41 қызметкер мен 11 арнайы көлік жұмылдырылған.

“Жатақханада 285 адам тұрады. Көп бөлігі Үндістаннан келген. Соның 95-і оқиға кезінде сабақта болған. Өкінішке орай 16 шаршы метрлік бөлме түгелімен жанып кетті. Алайда адамдар зардап шекпеді. Қатты түтін бізге жұмыс істеуге қиындық тудырды. 131 адамды эвакуациялап, 39-ын құтқарып, өрт түгелдей сөндірілді”, – дейді Ақтөбе ТЖ департаментінің өрт сөндіру қызметінің бастығы Арман Қадыров. 

Қазір студенттерді уақытша басқа корпусқа ауыстыру қарастырылуда. Өрт себебі болған тоңазтқыштың неден тұтанғаны анықталуда.

 

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 25 Қаңтар, 2022 14:07
Талқылау