БҚО-дағы ана мен сәбидің өлімі: Дәрігер жазадан сытылып кетті
БҚО-да босанушы әйел мен оның сәбиінің өліміне кінәлі деп күдікке ілінген дәрігер жазадан құтылып кетті. 26 сәуір күні Жанғалы аудандық сотының судьясы Сабыржан Есжанов 60 жастағы дәрігер-анестезиолог Жарқын Тілешовтің үкімін оқыды. Дәрігер Қылмыстық кодекстің 317-бабы ("Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") бойынша кінәлі деп танылды. Алайда істің мерзімі өтіп кеткендіктен, жауапкершіліктен сытылып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Сот үкімі заңдық күшіне енген жоқ. Үкіммен келіспейтіндер 15 күн ішінде қайта шағымдана алады.
Қайғылы жағдай 2018 жылдың 24 сәуірінде болған. Жүктіліктің 29-аптасында Бибінұр Нығметовадан қан кетіп, ол ауруханаға жеткізілген. Көп ұзамай әйел операция үстелінде қайтыс болған.
Үш жылға созылған тергеу жұмыстарынан кейін іс сотқа жолданды. Прокурор сотталушыны үш жылға бас бостандығынан айырып, екі жыл медицина саласында қызмет етуіне тыйым салуды сұраған еді.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты