Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БҚО-да 700 миллион теңге болатын ақбөкендерді қырған браконьерлер ұсталды

БҚО-да ақбөкендерді аулаған браконьерлердің қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесіп, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап ағымдағы жылдың мамыр айына дейін облыс аумағында киіктерді заңсыз аулаумен және олардың дериваттарын (мүйіздерін) өткізумен айналысқан екі қылмыстық топтың қызметін ашты. Қылмыстық жауапкершілікке 11 адам тартылады.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері 700-ден астам киік мүйізін, 9 бірлік атыс қаруын, 7 жоғары өтімді автомашинаны, екі қарда жүретін көлік пен екі мотоциклді, түнде көру құралдарын және ұйымдасқан қылмыстық топ пайдаланатын басқа да заңсыз заттарды тәркіледі.

Ақбөкендердің жойылуы нәтижесінде 700 миллион теңгеден астам шығын келтірілген.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 337-бабы ("Заңсыз аңшылық"), 339-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы ("Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану") және 262-бабы ("ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіледі.

Жыл басынан бері ішкі істер органдары жалпы республика бойынша 12,5 мыңға жуық табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықты анықтады. Сотқа дейінгі 583 тергеу тіркеліп, басталды, оның ішінде қазіргі уақытта сотқа 221 қылмыстық іс жолданды. Әкімшілік жауапкершілікке 11 866 құқық бұзушы тартылды.

Еске салсақ, Атырау облысында ақбөкендердің мүйіздерін заңсыз өткізбекші болған Ресей азаматы ұсталды.


Ақбөкендер туралы қызықты мәліметтер

Талқылау