Бизнесмен Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды
Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы кәсіпкер Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол өз жазбасын "Мен Қазақстаннанмын!" деп бастады.
"Қазақстанда маған ұнайтын өзгерістер жүріп жатыр, ең жылдам цифрлық трансформация жүріп жатыр, бұл бізге холдинг командасымен әлемдегі ең озық финтек өнімдерін жасауға мүмкіндік береді. Мен Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын. Қазақстан өзінің бейбітсүйгіш, қонақжай саясатының арқасында жаңа, бай, тиімді, әділ мемлекет құра алатынына сенемін. Соған кәсіпкер ретінде өз үлесімді қоса аламын деп сенемін", – деп жазды Турлов.
Кәсіпкер қазақ тілін үйренуді де жоспарлап отырғанын атап өтті.
Тимур Турлов 2022 жылдың мамырында Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы жетінші ең бай бизнесмен атанды. Оның байлығы 2,2 миллиард долларға бағаланады.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"