Бизнес жүргізу рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-орында ие болды
2021 жылғы US News & World Report-ке сәйкес кәсіпкерлік үшін қолайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 75-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz басылымына сілтеме жасап.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің даму деңгейі 100-ден 0,9 ұпайды құрады.
"ҚР барлық рейтингтік санаттарға сәйкес емес деп бағаланды. ТМД елдерінің ішінде Ресей 22-орын, Украина 51-орын, Беларуссия 57-орын, Әзербайжан 71-орынға тұрақтаған. Тек үш мемлекеттің көрсеткіші Қазақстаннан төмен болып шықты. Ол Өзбекстан 76-орын, Гватемала 77-орын және Сальвадор 78-орын", – деп атап өтті сарапшылар.
Рейтингтің алғашқы үштігіне Жапония, Германия және АҚШ кірді. ТОП 5-ке Ұлыбритания мен Оңтүстік Корея қосылған.
Рейтинг 76 түрлі индикаторлар бойынша 17 мыңнан астам адамнан сауалнама жүргізу арқылы анықталды.
2021 жылдың маусым айының басында елімізде 1,1 миллион белсенді жеке кәсіпкерлік субъектілері болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7%-ға артық.
Кәсіпкерлік бойынша елімізде үш жетекші облыстың қатарына Алматы қаласы мен Алматы облысы да кірді.