БСН дегеніміз не?
БСН (БИН) – бизнес сәйкестендіру нөмірі Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратын заңды тұлға мен жеке кәсіпкер үшін құрастырылатын нөмір.
БСН заңды тұлғаға қатысты ақпарат бар 12 цифрдан тұрады.
Мәселен, алғашқы төрт цифр заңды тұлғаның, филиалдың немесе басқа да мекеменің тіркелген айы мен жылы көрсетілсе, қалған сандар ұйымның түрі мен реттік нөмірі болып табылады. Қазақстанда БСН 2013 жылы енгізілді.
БСН-ді қалай алуға болады
БСН алу қиын шаруа емес. Әділет министрлігі бұл нөмір тіркеу туралы өтініш берілгеннен кейін автоматты түрде табыстайды.
БСН кез келген заңды тұлғаны тіркеген кезде тағайындалады.
ЖШС-ні тіркеудің екі жолы бар
- Egov.kz электронды үкімет порталын арқылы онлайн түрде
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарында
Жеке кәсіпкер ретінде өз қызметіңізді бастамақшы болсаңыз, сізге мемлекеттік органдарды elicense порталы арқылы немесе мемлекеттік Қаржы министрлігіне қарасты кірістер комитетіне өтініш жасау керек.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"
"5 жастағы баланы даярлық сыныбына да, балабақшаға да алмайды": Қазақстандық ата-ана білім беру жүйесіндегі қайшылыққа наразы
Ата-ана: "Балабақша қалдырмайды, даярлық сынып қабылдамайды"