Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз сіздерді қоспадық. Өздеріңіз сүйіп қосылдыңыздар": Төреғалидің жары “Еркетайын” қимастықпен ұзатты

Кеше қазақ эстрада жұлдыздарының тоғысқан күні болды. Оның басты себебі - Төреғали Төрәлінің екінші қарындасының ұзату тойы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін әншінің ерке қарындасы сүйіктісімен неке қиып, үш стильді қызойнақ жасап елдің назарына іліккен болатын. Ал кешегі дүбірлі тойды көргендер де арманда, көрмеген де арманда. Ұлы Дала баласының қарындасын Жанболаттың Жазирасы әнмен кіргізіп берді. Ұзату той барысында жас қалыңдық екі түрлі образдағы киім киді.  

Тойды бір емес, үш асаба тізгіндеді. Той шымылдығын Алашұлы тобының әншісі Мақсат ашып берсе, Нұрболхан, одан кейін "Назар аудар" театрының әртісі Ғазиз Ерболат жалғастырды. 

Ұзату кеште әннен шашу шашқандардың қатарында Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира, Бүркіт пен Аиша, Ерке Есмахан, Сәкен Майғазиев және тағы басқа эстраданың қаймақтары болды. 

“Ана болғасын уайымдаймын. Бірақ жақында достарымен шетелге барып келді. Сол кезде Өсер деген досынан “Сапарда адамды жақын тануға болады. Күйеу бала қандай екен?”деп сұрадым.

“Уайымдамаңыз, керемет азамат” деп мақтады. Біз емес, сіздер өздерің бір-біріңді таптыңдар. Қосылдыңдар. Енді мәңгі бірге бақытты болыңыздар”, - деп жұлдызды ана Аягөзде ақ тілегін білдіріп көзіне жас алды. 

Қимастықпен толқып тілегін білдіргендердің қатарында әнші Төреғали де бар. Ол “Дина қарындасым барған жеріңе бақ, құт болып бар” деп ағалық ізгі ниетін білдіріп, той шымылдығын арнаумен ашып берді. 

Тойда Төреғалидің әкесі Төрәлі де үнсіз қалмады. “Әкеңдей болар деп, құдама сені тапсырдым, қызым” деп әке жүрегі еңіле кенжесіне ән арнады. Ал, той соңында Төреәлінің Толқыны Еркетайын әнімен ұзатты. 

Талқылау