Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ЖЭО-3 құрлысын есепшоттары бұғатталған компания жүргізбек

Жылу электро орталығы
Фото: pixabay.com

"Самұрық-Энерго" компаниясының басшысы Қайрат Мақсұтов Алматыдағы үшінші Жылу электр орталығын (ЖЭО-3) құрылысын жүргізетін мердігер ретінде KBI Energy Group компаниясы таңдалғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қайрат Мақсұтов жоба 2026 жылдың желтоқсанында іске қосылады деп жоспарланып отырғанын, ал жобаны жеке шетелдік компания жүзеге асыратынын айтты.

"Мердігер — KBI Energy Group. Жобаға басқа да компаниялар қатысады, алайда консорциум KBI Energy Group деп аталмайды", – деді ол.

Алайда компанияның есепшоттары мен мүлкі бұғаттауда екенін, сондай-ақ нотариаттық қызметпен айналысуға тыйым салынғаны белгілі болған.

Сұрақтарға жауап берген Мақсұтов компания ребрендингтен өткенін және электр энергетикасы саласында жеткілікті тәжірибесі бар екенін, сондықтан жобаны жүзеге асыра алатынын айтты. Ал ребрендинг 2023 жылы жасалғаны, ал шектеулер әлі де сақталып отырғаны туралы нақтылауға ол барлық мердігерлердің құрылтайшылары жөнінде толық ақпаратқа ие еместігін және мұны аса маңызды деп санамайтынын жеткізді.

"Мен барлық мердігерлеріміздің құрылтайшылары туралы ақпаратты білмеймін. Бұл маған қажет емес ақпарат екенін түсінесіздер ғой?", – деді ол.

Жобаға жалпы 266 млрд теңге бөлінген, оның үштен бірі қазірдің өзінде төленген.

Алматыдағы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру жобалары жүзеге асырылу үстінде және 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс.

Еске салсақ, осыған дейін  “Самұрық-Энерго” АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов Семей мен Өскеменде Жылу электр орталығын кім салатынын айтудан бас тартқан еді.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 22:30