Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үнді стилінде қызойнақ жасаған Төреғалидің қарындасы сынға қалды

Үнді стилінде қызойнақ жасаған, яғни құрбыларымен басқосу ұйымдастырған Төреғалидің қарындасы Дина сынға қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Санаулы күндер бұрын мешітте Төреғалидің екінші қарындасы Дина сүйіктісімен неке қиған еді. Ал кеше ерке қыз қызойнақ ұйымдастырды.

Аталмыш шара әуелі күлгін түстермен сәнделген “пижама стилінде” басталды. Әдемі фотосуреттерді блогер арудың insta-достары жақсы қабылдап, құттықтады. 


Алайда, отырыстың екінші бөлігінен фото-видео жүктеген ару пікір жазу мүмкіндігін шектеп қойған. Оның басты себебі, парақшасына жазылған теріс пікірлер болса керек. Өйткені, Дина үнді стильіндегі фотосуреттерді жүктеген сәттен бастап сынаушылар мен қарсылық танытушылардың саны лезде артып кетті.

“Осы үнді қыздары күйеуге шығарда қазақша киінеді ме екен?”, “Артық дүние ғой. Жәй жасай салуға болады ғой. Не істерін білмей жүрген адамдар”, “Барды көтере алмай есіретін несі осы” деп наразылық білдірсе, “Дина үнділердің тамағын жақсы көреді”, “Әдеттегі отырыстың форматы ғой. Сонша теріс пікір жазып не болды?” деп жазған жақтаушылар да табылды.

Айтпақшы, осыдан жеті жыл бұрын үнді стилінде қызойнақ жасап, сынға қалған арулардың бірі Аша Матай еді.

“Өзіме үнді фильмдері мен киімдері ұнайды. Сол себепті осы бағытта қызойнақ жасауды жөн санадым” деп Аша Матай да ақталған болатын. 
 

Талқылау