Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақшаны қайда сақтау қажет: Ең тиімді депозиттер аталды

Теңге
Фото: Stan.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелеріне мониторинг жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда сәуір айында бөлшек депозиттер нарығындағы жағдай тұрақты күйде қалды. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалуына байланысты банктер жалпы үрдісті өзгертпей, мөлшерлемелерді жекелеген түрде ғана түзетуді жалғастырды.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) мәліметінше, депозиттер бойынша шарттарды негізгі қайта қарау бұған дейін жүргізілген, ал қазір банктер өнімдерін көбіне өз міндеттеріне қарай "ұсақ өзгерістер" енгізуде: клиент тарту, депозиттік базаны сақтау және шығындарды бақылау мақсатында түзетулер секілді. 

Қор деректеріне сәйкес, нарықта айқын заңдылық сақталып отыр: табыстылық неғұрлым жоғары болса, шарттары соғұрлым қатаң болады.

Ең тиімді депозиттер:

  • Толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ салымдар – 20,5%-ға дейін.
  • Толықтырылатын жинақ салымдар – 20,5%-ға дейін (көбінесе қысқа мерзімге арналған).

Орташа сегмент:

  • Мерзімді депозиттер – шамамен 20%-ға дейін, бірақ шарттары анағұрлым икемді.

Табысы төмен, бірақ икемдірек депозит түрлері:

  • Мерзімсіз депозиттер – шамамен 14–16%.
  • Құбылмалы мөлшерлемесі бар депозиттер – шамамен 15–16%, алайда табыстылық уақыт өте өзгеруі мүмкін.

Қор деректеріне сәйкес, соңғы бір жыл ішінде барлық сегменттер бойынша мөлшерлемелер өскен, әсіресе жинақ және мерзімді депозиттерде.

Қазір нарықта қолайлы жағдай қалыптасқан:

  • ең жоғары мөлшерлемелер 20,0–20,5%-ға жетеді;
  • табыстылық инфляция деңгейінен айтарлықтай жоғары;
  • табыс пен икемділік арасында таңдау жасау мүмкіндігі бар.

Сарапшылардың пікірінше, болашақта мөлшерлемелер төмендеуі мүмкін болғандықтан, қазіргі шарттар ерекше тиімді болып отыр.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозит таңдау кезінде тек пайыздық мөлшерлемеге ғана емес, сонымен қатар шарттарға да назар аудару маңызды екенін ескертеді:

  • депозитті толықтыру мүмкіндігі бар ма;
  • мерзімінен бұрын шешіп алу бойынша шектеулер бар ма;
  • ұзарту шарттары қандай;
  • банктің сенімділігі қандай.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы депозиттік мөлшерлемелер өсіп жатқаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 05 Мамыр, 2026 21:03