"Біз сені күтеміз": Екінші сәбиіне аяғы ауыр Мақпал Исабекова күйеуінің тастап кеткенін растады
Отандық шоу-бизнес өкілі Мақпал Исабекова жақында екінші мәрте ана атанбақ. Ол болашақ сәбиімен ерекше фотосессия жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Эстрада жұлдызының жеке парақшасынан алынды
Айта кетейік, өнер иесі Алматыдан Шымкентке қоныс аударған еді. Кейінгі кезде күйеуінің қайда екенін білмейтінін, бірге тұрмайтынын, жасырмай айтып жүр.
“Денеңді оңайшылықпен жалаңаштайсың. Бірақ ішкі жан дүниеңді біреуге ашуға қорқасың. Адам денесін сөзбен жарақаттау мүмкін емес. Ал жан дүниесін абайсызда айтылған сөздің өзі де жаралауы мүмкін", – деп екіұшты жазба жариялады эстрада жұлдызы.
Сонымен қатар шоу-бизнес өкілінің екінші сәбиіне жүкті екенін көруге болады. Ол табиғат аясында фотосессия жасап, сәбиінің жынысын жариялады.
“Аман-есен бола ғой, балапаным, қызым! Біз сені қатты күтеміз. Бұл фотографпен екі жылда бір рет осылай кездесіп тұратынымыз бар. Екі жыл бұрын Теодорға аяғым ауыр кезде гүлді бақтарға барып, керемет фотосессия жасаған едік. Негізі бұл маманмен ішің пыспайды. Осы жолы ол "әдемі жерге барып суретке түсейік" деп өзі жазды. Менің жиналуым тым ұзақ. Керемет естеліктер үшін саған алғыс айтамын", – деп жан сырын ақтарды әнші.
Фото: Мақпал Исабекованың Stories-i.