AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз мемлекеттің аумағын қорғауға дайын болуымыз керек - Тоқаев

Мемлекеттік наградаларды, жоғары әскери және арнаулы атақтар мен сыныптық шендерді тапсыру салтанатында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті делінген Ақорда сайтында. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агентігі хабарлайды.

Токаев жана 2022

"Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны", – деді мемлекет басшысы.

Тоқаев заманауи, жақсы жабдықталған армия мемлекеттің негізгі тірегі екенін баса айтты.



"Геосаяси тұрақсыздық, жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлер жағдайында біз ұлттық мүддемізді қорғауға, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға дайын болуымыз керек. Сондықтан қорғаныс әлеуетін нығайту әрдайым біздің маңызды басымдығымыз болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы күштік органдарда қызмет етудің абыройлы миссия және үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша,  Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сардарлары өздерінің ептіліктері мен қабілеттерін тұрақты түрде шыңдай отырып, озық жауынгерлік шеберліктерін көрсетіп келеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр