"Біз ешкімге сене алмаймыз": Беларусь антитеррорлық операция режимін енгізді
Президент Александр Лукашенконың тапсырмасы бойынша Беларусь елінде терроризмге қарсы операция режимі енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсант" порталына сілтеме жасап.

Беларусь басшысы бұған дейін елдің Ресейден басқа көрші елдердің агрессивті әрекеттерінен қорқатынын айтқан. Лукашенконың сөзінше, содырлар қазірдің өзінде Украинада, Литвада және Польшада Белоруссияда лаңкестік әрекеттер жасау үшін дайындықтан өтіп жатыр.
"Өкінішке орай, дүние жүзіндегі жағдайларға қарап, біз ешкімге сене алмаймыз. Сондықтан өз қауіпсіздігімізді өзіміз ойлап, президент айтқандай, халқымызды қорғауымыз керек. Қаскөйлер біздің жерімізге бірде-бір метрге аттап баспауы керек", - деді Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макей.
Беларусь президентінің айтуынша, елге ресейлік әскери бөлімінен, мыңнан астам сарбаз келген.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда