Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз 2010 жылы алған ақшаны, қазіргі жас спортшылар енді алып жүр": Қуат Хамитов қазақстандық лигалар спортшыларға аз төлейтінін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов қазақстандық тұжырымдардың ішіндегі ең үздігін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Танымал спортшы Қуат Хамитов қазақстандық ұйымдардың ішіндегі ең үзідігін атап, көптеген спортшылардың әлі аз ақша алатынын айтты.

“Алаш прайд” тұжырымы сонау 2010 жылдан бастап көптеген қазақ спортшыларына қолдау көрсетіп, үлкен аренаға шығуына мүмкіндік берді. Біз де мансабымызды сол лигадан бастап, бірге көтерілдік. 2010 жылы Алматыда атақты Александр Емельяненко Төлеген Ақылбековке қарсы жекпе-жек өткізіп, 150 мың доллар көлемінде гонорар алған. Сол жекпе-жектің билет сатылымынан шамамен 75 мың доллар көлемінде пайда түскен. Содан кейін Расул Мирзаев та жақсы ақша алып кеткен. Қазіргі жас спортшыларға қарап жаным ашиды. Біз 2010 жылы алған ақшаны, тіпті одан да аз ақшаны олар қазір алып жүр. Қазіргі қазақстандық тұжырымдар “Алаш прайд” сияқты жасаған шоуды жасап, Александр Емельяненко, Зубайра Тухугов, Расул Мирзаев, Боб Сапп сияқты әлемдік жұлдыздарды төбелестіріп, спортшыларға жақсы ақша төлеген жағдайда ғана “Алаш прайдтан” мықты бола алады. Әзірше “Алаш прайдтан” асатын тұжырым жоқ” – дейді Хамитов.

Айта кетейік, Қуат Хамитов (24-8-1) соңғы жекпе-жегін RCC 19 турнирінде Александр Шлеменкоға (63-15-1) қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіліп қалды.

Талқылау