Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев сотта өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын айтты

Марқұм Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша алдын ала тыңдалым өтіп жатыр. Тыңдалымда әйелін өлтірді деп күдіктелген Қуандық Бишімбаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото ашық дереккөзден

Сотта Бишімбаев өзіне тағылған айыпты түсінетінін, алайда мұны мойындамайтынын жеткізді. Ол соттың ашық түрде, БАҚ өкілдері және алқабилердің қатысуымен өтуін сұрады.

“Мен кінәні мойындамаймын. БАҚ өкілдері қатысып, барлық материалдар жариялануы үшін соттың ашық түрде, алқабилермен өткенін қалаймын. Егер сұрақтар туындап жатса, менің ұстанымым – осы”, – деді Бишімбаев.

Бишімбаевтың адвокаты қылмыстық істі прокуратураға қайтаруды сұрады. Себебі Назкен Құсайынованың сөзінше, қылмыстық-процессуалдық істе заң бұзушылықтар анықталған. Ол қылмыстық іc 16 том екенін атап өтті.



Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Талқылау