Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мынау сен емессің бе?": Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлегені айтылды

Бүгін Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/kuandyk_bishimbayev

Сот залына Бишімбаевтың анасы мен оның қорғаушылары кірді. Сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы мен басқа да туыстары келді. Оқиға орнында Нүкеновтердің мүддесін қорғап жүрген адвокат Жанна Оразбахова да бар.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанованың айтуынша, Бишімбаев Салтанат Нүкеноваға порнографиялық видеоларды көрсетіп, “видеодағы сен емес пе?” деп сұрап, қысым көрсеткен. 

Сондай-ақ Салтанаттың өзін кетіп қалса қорқыту үшін порнографиялық видеоға түсіріп алған.

Прокурор сотталушының Салтанаттың артынан қалмай, оның көңілін өзіне аударып, соңында үйленгенін айтты. Алайда дүркіретіп той жасағанымен, ерлі-зайыпты заңды некеге тұрмаған. Тергеу мәліметіне сәйкес, Бишімбаев азаматтық некедегі әйелін ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен. 

“Жәбір көрсетіп, менмендік танытқан. Достарымен араласуға тыйым салып, желідегі хабарламаларын жіті бақылап отырған. Бишімбаев Салтанатты өзіне қаржылық тұрғыдан тәуелді ету үшін оған табысты жұмыспен айналысуға тыйым салған”, – дейді Айжан Аймаганбетова.

Ал Бишімбаев өз кезегінде өзінің қатты қызғаншақ адам екенін айтып ақталды. Сондай-ақ ол әйелін көзіне шөп салып жүр деп күдіктенген. 

Бишімбаев түн ортасында Салтанатты ұйқысынан оятып, телефоннан порнографиялық видеоларды көрсетіп “Мынау сен емессің бе?” деп сұрайтын болған.



Сотталушы марқұмды жүйелі түрде ұрып-соғып, мазақ етіп, қорқытқан. Бірде соққыға жығылған Салтанат өзінің суретін ағасына жіберген. 

“Бишімбаев әйелінің соққыға жығылған түрі бар фото оның туыстарына жеткенін біледі. Бұл суретпен олар өзіне қоқан-лоқы жасайды деген оймен ол Салтанатты жалаңаш күйде порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлейді”, – дейді прокурор.

Сонымен қатар Айжан Аймағанбетова Бишімбаевтың марқұм әйелін мейрамхана залында қалай соққыға жығып, соңғы демі үзілгенше басынан, денесінен күзгі аяқкиіммен тепкенін тергеу нұсқасы бойынша айтып берді. Кейін Бишімбаев сол мейрамханада жұмыс істейтін ағасын жұмыстан тыс уақытта шақыртып, қылмысын жасырған. 

Айтыптаушы тараптың айтуынша, Бишімбаев Салатанатқа құрбыларымен кездесуге, жұмыс істеуге тыйым салған. Сондай-ақ өткеніне бола қызғанып, соққыға жыққан.

Прокурор Бишімбаевқа қатысты бірнеше мәлімдеме жасады:

  • Бишімбаев пен Нүкенова заңды некеде болмаған;
  • Бишімбаев Нүкенованың барлық телефон қоңырауын бақылап, оған жұмыс істеуге тыйым салған. Қаржы жағынан өзіне толықтай тәуелді еткен;
  • жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткен;
  • 2023 жылдың наурыз айында Бишімбаев Астанада Нүкенованы ұрған;
  • Нүкенова ағасына шағымданған. Ол қарындасына Бишімбаевпен араласпауға кеңес берген.
Талқылау