Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қатысты тексеріс жүргізіледі – Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі

Әділет министрі Азамат Есқараев Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың заңды некеде болмай тұрып қалай мұсылмандық неке қиғанына байланысты сұраққа түсініктеме беруден бас тартты. Ал ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі мәліметті жан-жақты тексерейік деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото желі мен сот кадрларынан

Журналистер министрден егер ресми заңды неке тіркелмесе, ерлі-зайыптылар мұсылмандық неке рәсімін қалай орындай алғаны туралы түсініктеме беруін сұрады.

"Бұл мәселені никах рәсімін өткізетін уәкілетті органмен талқылау қажет. Қылмыстық іс бойынша мен түсініктеме бергім келмейді. Уәкілетті органдар-діни бөлімдерді білдіреді. Нақтылап алған соң ғана тиісті жауап берейік", – деді министр.



Ал ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақовтың сөзінше, діни рәсімдерді орындаған кезде имамдар қазір ерлі-зайыпты болғысы келетін адамдардың ресми неке куәлігін талап етуі қажет. 

“Мен Бишімбаев неге екі рет неке қиғанын түсініп тұрған жоқпын. Біз бұл фактті тексереміз. Содан кейін сізге жауап беремін”, – деді министр орынбасары.

Бұға дейін әділет министрі Есқараев Қазақстан Конституцияға сәйкес зайырлы ел екенін және оның барлық азаматтары заң талаптарын сақтауға міндетті екенін еске салған еді.

"Неке қию үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органға жүгіну қажет. Бұл некеге тұрған әйелдердің құқықтарын қоса алғанда, мемлекет белгілеген тәртіппен қорғалуын қамтамасыз ету үшін жасалуда", – деді министр. 

Оның айтуынша, егер болашақ күйеуі АХАЖ арқылы некені тіркегісі келмесе, серігі сұрақ қоюы керек.

"Неліктен адам некені ресми түрде тіркегісі келмейді, кімнен немесе неден қорқады немесе жасырады деген сұрақтар туындауы керек. Егер адам сізбен бірге азаматтық хал актілерін жазу органына өзінің туыстық қатынасын ресми тіркеуге алғысы келмесе, онда бұл жерде мәселе бар деген сөз", – деді Есқараев.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Ал сот тыңдалымының бірінде Нүкенованың көмекшісі Агнар Тасова Салтанаттың Бишімбаевпен алғашында кездескісі келмегенін жеткізді. 

Талқылау