Бишімбаев ісі: Полиция жалған ақпарат таратқандар жазаланатынын ескертті
Астананың Полиция департаменті экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астана қаласының Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды.
"Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз”, – деді департаментте.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"