Қазақстандағы саясаткерлердің психикалық жағдайы тексерілмейтін болып шықты
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысының орынбасары Салауат Мүксімов қарапайым мемлекет қызметшілерінің психологиялық-психикалық жағдайы тексеріліп, ал саяси мемлекеттік қызметкерлер бұл тексерістен не себепті өтпейтінін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік өкілі мұның қажеті жоқ екенін айтты.
“Бізде бұндай ережелер қолданылмайды. Саяси мемлекеттік қызметшілер – бұл әкімшілік мемлекеттік қызметші ретінде үлкен тәжірибеге ие ел азаматтары, – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды. Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастроцентр ойын-сауық кешенінің директоры қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы болып шықты. Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов мәлімдеді
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен