Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры Бишімбаевтың туысы болып шықты – прокурор

Астанадағы Салтанат Нүкенова көз жұмған Гастроцентр ойын-сауық кешенінің директоры қамауға алынған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың туысы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Ерлан Өтегенов мәлімдеді.

Прокурор Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты тұтқындалған екінші күдікті Бишімбаевтың туысы екенін растады.

"Ол Гастроцентрдің директоры, олардың туыстық қатынасы бар", – деді Ерлан Өтегенов.

Сонымен қатар, прокурор Гастроцентр ішінде орнатылған бейнебақылау камераларына түсірілген кадрлардың жойылғаны туралы ақпаратты да растады, бірақ кейіннен тәртіп сақшылар барлық жазбаларды қалпына келтірген.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Талқылау