Біртанов Қаржы мониторингі агенттігін атына кір келтіретін жарияланымдар жасады деп айыптады
Қазақстанның экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "Дикая Орда" телеграм-каналында жарияланған мақаланың авторы мен тапсырыс берушісіне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме беріп.
Экс-министр аталған телеграм-каналында оның абыройына нұқсан келтіретін ақпарат жарияланғанын айтты.
"Ақпарат жалған, әлеуметтік алауыздықты қоздырады және қоғамда маған қатысты теріс пікір қалыптастыруға бағытталған және сотқа ықпал ете алады. Жарияланымның атауы “Перелем ценою в жизнь”, "Біртановты қорғаушыларға арналған" белгісіммен. Іске қатысты мәліметтерге біреуге қолжетімді болыпты, мен қарсы емеспін, керісінше, сот процесіне барлығының, соның ішінде БАҚ өкілдерінің қатысқанын қалаймын. Алайда бұл жарияланым арқылы менің беделімді мақсатты түрде түсіру көзделген", – деді ол.
Жарияланған материалда санитарлық авиация ұшағы "онкологиялық аурумен асқынған екі жақты төменгі бөліктің сегменттік пневмониясы" диагнозымен ауыр науқас әйелді тасымалдауға шақырылғаны айтылған. Министр Нұр-Сұлтанға өзі шыққандықтан, науқас елордаға сол қалпы жете алмаған.
"Шындығында, Біртанов науқас әйелдің жағдайын пайдаланып, өтірікке барған. Ал бұл сұмдық, азғын әрекетті қорқақтық пен заңсыздықтың салтанат құруы деп атамасақ болмас. Біртановқа қатысты қандай моральдық ұстаным, қандай әдептілік туралы айтуға болады?
Белгілі болғандай, әйел санитарлық авиациямен Нұр-Сұлтандағы ауруханаға жеткізілмеген, кейінірек, 2020 жылдың шілдесінде ол қайтыс болған", – деп жазған жарияланымда.
- "Анама ғана керек екенімді түсіндім": Түрмеде жатқан Мұрат Әбілда сұхбат берді
- "Ақша бопсалап, жалғыз баспанамнан айырды": Болат Назарбаевтың экс-әйеліне қатысты он жыл бұрынғы қылмыстық іс қайта қозғалды
Сонымен қатар, Елжан Біртанов расталмаған мәліметтерге сүйеніп, бұл мақалаға тапсырыс беруші Қаржы мониторингі агенттігінің орталық аппаратының қызметкері – Арман Жүнісов екенін айтты.
"Бұл АФМ-нің бұрынғы баспасөз хатшысы. Мен оның қазір қандай қызметте екенін білмеймін, бірақ ол сот отырыстарына қатысқан. Оның телеграм-каналдарға менің беделімді түсіретін деректерді жариялауға тапсырыс беретіні туралы деректер бар. Бұл істің нәтижесіне әсер ету үшін ойлап табылған бұрмаланған деректер", – деді Елжан Біртанов.
Бұған дейін куәгер Әсембек Халимбетов прокуратура қызметкерлері мен Қаржы мониторингі агенттігі тарапынан өзіне қысым жасалғанын мәлімдеген.
Еске салсақ, айыптаушы тараптың мәліметінше, экс-министр ПТР-сынамадан өткен, бірақ ол COVID-19-дың бар-жоғын растамаған. Соның өзінде Біртанов оны Нұр-Сұлтанға жеткізу үшін Ан-24 санитарлық авиациясын сұраған, осылайша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Денсаулық сақтау министрлігінің заңгері Абай Ыдырысов куәлік ету кезінде елордаға келген Біртановқа коронавирус емес, пневмония диагнозы қойылғанын айтты. Яғни экс-министр мемлекеттік ұшақпен іссапардан қайтып оралуына болар еді деді.
Елжан Біртанов тағылған айыптарға жауап ретінде тәжірибелі дәрігер болғандықтан, барлық белгілері анықталғанына байланысты өзіне коронавирус диагнозын қойғанын айтты. Сондықтан ол өзін үкіметтік делегациядан оқшаулауды ұйғарып, санитарлық авиация бортын шақырған.
23 маусымда прокурор Елжан Біртановқа тағылған айыпты жариялады. Ол "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасын" медициналық мекемелердің қызметін автоматтандыруға және оларды басқаруға арналған ақпараттық жүйені әзірлеу кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр. Платформа азаматтарды медициналық мекемелерге бекіту, дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу, сондай-ақ тұрғындарға медициналық анықтамалар беру қызметтерін автоматтандыруды қамтамасыз ете алар еді.
Сондай-ақ Елжан Біртанов 2020 жылдың маусымында санитарлық авиацияны пайдалану кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған.
2020 жылдың 3 қарашасында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы қамауға алынды, ал 7 қарашада бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды.
Ал 2021 жылдың 21 сәуірінде сот Біртановқа белгілі бір уақыт аралығында пәтерден шығуға рұқсат берді. 2021 жылдың 18 қарашасында сот Біртановты үйқамаққа алудан босату шешімінен бас тартты. Бұл ұйғарым процессуалдық шағымдануға жатпайды, деді сол кезде судья.
12 шілдеде істі қарап жатқан судья Ибрагим Әлкенов сотқа қатысушыларға, соның ішінде журналистерге сот отырысын аудио, бейнежазба және суретке түсіруге тыйым салды. Кейінірек судья Біртановтың өзіне әлеуметтік желіде сот процесіне қатысты жазуға және пікір білдіруге тыйым салды.
Еске салсақ, Біртанов 2021 жылдың 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін Елжан Біртановтың қамауға алынғаны белгілі болған еді.