Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірсарынды әрі қызықсыз: Мөлдір Әуелбекованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)

Биыл Мөлдір Әуелбекованың шығармашылығында шарықтау кезеңі! Тұңғышын дүниеге әкелгеннен кейін әнші талмай тынбай еңбектеніп келеді. Еліміздегі хитмен әншілермен жарысып, ай сайын бейнебаян ұсынып жүрген Мөлдір тыңдармандарын қуантуда.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Осыдан 2 айдай уақыт бұрын Мөлдір Төреғалимен бірге “Сен болмасаң”, ал өткен айда “Қоштасудың қиыны-ай” әніне бейнебаян түсіріп, ел назарына ұсынған еді. Қос композицияның да авторы – Алтынбек Қоразбаев. Аталған екі әнді де кезінде халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев Сандуғаш Стамғазиевамен бірге шыңына жеткізіп орындаған.

Ал күні кеше Әуелбекова “Арман алдамайды” атты әніне түсірілген су жаңа бейнебаянын ұсынды. Алайда жаңа туынды тыңдарманды баурап алды деу қиын. Желі қолданушылары Мөлдірдің бірсарынды әндерге әуес екенін айтып, сынға алды.

“Мұндай өлеңдерді ешкім тыңдамайды, біздің әншілер қашан түсінер екен?”, “Бірсарынды, ән айтуының өзі іш пыстырады. Соңында вокалдық мүмкіндігін көрсетті, дегенмен жанды тебірентпеді”, – деп сынады олар.

Жіберіп алмаңыз:

Әли Оқапов желіде шу болған видеоға қатысты жауап берді

Дастан Оразбеков көз алдында қайтыс болған әкесін еске алып, жылап жіберді (видео)

Жанар Дұғалованың не себепті көрінбей кеткені белгілі болды

Әнші Гүлбаршын Тергеубекова жазушы Дидар Амантаймен ажырасып кетуінің себебін ашып айтты

 

Талқылау