Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірге жазылатын есімдіктер

Есімдіктер дегеніміз - зат есім, сын есім, сан есімнің орнына қолданылатын сөз табы. Заттарды нұсқап, меңзеп, көрсетеді. 

Есімдіктердің жеті түрі бар:

  •  жіктеу есімдігі;
  •  сілтеу есімдігі;
  •  сұрау есімдігі;
  •  өздік есімдігі;
  • жалпылау есімдігі;
  • болымсыздық есімдігі;
  • белгісіздік есімдігі.

Есімдіктер сөйлемде жиі кездесіп жатады. Көп адам есімдіктердің жазылуында қателіктерге бой алдырады. Осы орайда бүгін белгісіздік есімдігі әлде сөзімен тіркесіп келетін сөздерге тоқталамыз.

есімдік + есімдік = бірге жазылады

есімдік + басқа сөз табы = бөлек жазылады

Әлде қарапайым қалыпта шылау рөлін атқарады, ал есімдіктермен тіркескенде белгісіздік есімдігіне айналады. 

Мысалы: Ол ма әлде мен бе? Барайын ба әлде сен өзің келесің бе?

Белгісіздік есімдік күйінде сөздер бір сұраққа жауап беріп тұрады. Мысалы: әлдеқалай, әлдебір, әлдеқашан және т.б.

Бұған дейін еш болымсыздық есімдігін талдаған едік. Сілтемені басып ережемен танысыңыз.

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық.

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау