Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірге тұруға келісім берді: Павлодарда 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған

Павлодарда 51 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

қыз

Фото: Pixabay.com

Іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық есік жағдайында қаралды. Белгілі болғандай, оқиға 2023 жылдың шілде айында болған. Тергеу мәліметінше, кәмелетке толмаған қыз павлодарлық дәмханалардың бірінде тәжірибеден өтіп, ол жерде аспаз болып жұмыс істейтін ер адаммен танысқан.

Ер адам мен қыз әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп жүрген. Артынша ер адам қызға бірге тұруға ұсыныс жасаған. Қыз ұсынысты қабылдапты. Екеуі дастархан жайып, ішімдік ішкен. Артынша жәбірленуші ұйықтамақ болғанда, ер адам оны зорлаған.

"Жәбірленушінің зорланғанын достары айтып, көмек сұрағанын, ұялы телефонындағы хабарламаларын көреткен. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдермен дәлелденді", – деп атап өтті Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов.



Сотта 51 жастағы ер адам өз кінәсін мойындамады. Ол қыздың кәмелетке толмағанын білмегенін айтты.

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен жәбірленушінің өзі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

"Оны Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді судья.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Ақтауда мектеп күзетшісі бала зорламақ болғаны туралы хабарлаған едік. Деректерге сүйенсек, ол ойнап жүрген қыздардың бірін подъезге шақырып алған.

Талқылау