Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірге кешкен жылдарымның қасиетін білмеппін": Мақпал Жүнісова марқұм болған жарын сағынғанын айтты (видео)

Мақпал Жүнісова марқұм болған асыл азамат Заманбек Нұрқаділовті сағынышпен еске алды. Жұбайына арнап түсірген бейнебаянын парақшасында жариялап, сезімін білдірді. 

"Сағындым" деп жазды әнші парақшасында. Бір ғана сөзі, жұбайына деген мәңгілік сағынышын білдіреді. Қанша жыл өтсе де, сезімі, сағынышы басылмағанын көрсетеді. 

"Сен кеткен соң бұл күндерім жылылыққа толмады,

Сен кеткен соң ғұмырыма бақыт құсы қонбады.

Сен кеткен соң күн сәулесі тереземе күлмеді,

Бірге атқан таңдарымның қасиетін білмедім", деп басталатын әнін жариялады. 

Желі қолданушлары әншінің қазіргі көңіл -күйін жақсы түсінеді. Тіреуінен айырылған әншіге халықтың еркесі деген атты да теліп берген еді.

Олар әншіні шын ықыласымен қолдап, ізгі тілегін арнаудан жалықпайды. 

"Жатқан жері жарық болсын!!!", - деп жазды актер Қайрат Әділгерей.

"Заманының бегі, асқар таудай ағамыз еді. Алла өз Мейіріміне алсын!  Бәріміз сағындық", - деп жазды Балғынбек Имашев.

"Алла мейріміне бөлесін", - деп жазды әнші Ғазизхан.

"Аллаһым жанын жаннаттан етсін... Панасына алсын Жаратқан.. Сіз қиналып жүрген кезде барша халық өзіңізбен бірге қиналды, жылады, дұға етті.. Сіз Қазақ халқының биік жұлдызы ғана емес, адалдықтың символысыз, қайсар қызысыз.. Бала кезден әндеріңізге сусындап өстік, Аллаһ Мерейтайдын қызығын көруді нәсіп етсін сізге.. Дұғадамыз.. Аман болыңыз",  деп жазды желі қолданушылары.


Қуат Найман: Лесбиянка қарындасымыз Заманбек Нұрқаділовтің немересі болғандықтан оған ешнәрсе айта алмадым


 

 

Талқылау