"Біреуін ұрып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырған": Астанада ер адам балаларға шабуыл жасаған (видео)
Астанада тұрғын үйлердің бірінде ер адам үш балаға шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желілерде ер адамның бір баланы бетінен тартып қалып, екіншісін теуіп, үшіншісін қылқындырып жатқан сәті түсіп қалған видео тарады.
Оқиға "Эдем палас 2" тұрғын үй кешенінде болған. Бұл жайттан кейін балалардың ата-анасы полицияға арыз жазды.
"Байқоңыр аудандық полиция басқармасы сол үйдің 30 жастағы тұрғынын ұстады. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деді Астана қаласының полиция департаменті.
Бұған дейін Атырауда инклюзивті балабақша тәрбиешісі баланы ұрып жіберген. Оқытудың педагогикаға қайшы әдістері желіге тарап кетті.
"Табысы жоғары": Қазақстандықтарға жалақысына байланысты жалдамалы баспана беруден бас тартып жатыр
Әйел банк белгілеген табыс шегіне наразылық білдірді
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес