Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреуді қорғаймыз деп, біреудің құқығына нұқсан келтіре алмаймыз": Министр пәтер ақысының өсуіне байланысты пікір білдірді

Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің тұрғын үй нарығындағы жағдайға қатысты сұрақтарына жауап берді. деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр болып жатқан жайттарға байланысты біреудің пәтерін тексеріп баруға құқықтың жоқ екенін айтты.

"Бізде нарықтық қарым-қатынас пен шағын бизнесті тексеруге мораторий бар. Алайда кез келген үйге барып тексереміз деп айтуға құқығымыз жоқ. Түрлі жағдайлар бар. Біз тексеріп барғанның өзінде адамдар бұл үйлерде туысқандарым тұрады деп айтуы мүмкін. Мұндай жағдайда не істей аламыз", - деді ол.

Министр сонымен қатар, барлық адамның құқығы қорғалуы үшін заң аясында жүру керек екенін түсіндірді.

"Біреуді қорғай отырып, кейбір азаматтардың құқығына нұқсан келтіре алмаймыз. Оны заң аясында қарастыру керек. Қазіргі жағдай бәрімізді алаңдатуда. Бірақ не десек те мұны істеп отырған біздің азаматтарымыз. Ондай қажеттілік туындаса, мораторийге түзету енгізуді ұсынатын боламыз. Негізінен пәтерлерді жалға беріп отырған да біздің азаматтар. Олардың кәсіпкер ретінде тіркелуіне күш саламыз", - деді министр.



Ерұлан Жамаубаев тұрғын үй қатынастары орын алған кезде жазбаша келісім-шарт жасалуы қажет екенін ескертті. 

"Мәселен, құқығы бұзылған тұрғынның пәтер иесімен келісімшарты болса, сотқа жүгініп, сот арқылы шешім ала алады. Пәтерді жалға алу рәсімі заңда көрсетілген талаппен жүзеге асса, жалға беретіндер пәтерді жалға алып отырған тұрғындарды себепсіз қуып жібере алмайды. Көп жағдайда тұрғындар ауызша келісім арқылы пәтерді жалға алады. Бұл тұрғыда кейін заңмен дәлелдеу мүмкін емес", - деп түйіндеді Жамаубаев. 

Министр егер келісімшарт алдағы бірнеше айға құрылған болса, пәтер иеснің заң тұрғысында бағаны жоғарылатып, көтере алмайтынын жеткізді.

Талқылау