"Бір пәтердің ақшасын салдым": Әлішер Кәрімов қаржы пирамидасына үш рет алданғанын айтты
Қаржы пирамидаларына қатысты түрлі ескертулер БАҚ-та жарияланып, теледидардан сан мәрте көрсетілгенімен, әлі де жеңіл табыс табамын деп алданып жүрген адамдар жетерлік. Олардың қатарында танымал эстрада жұлдыздары да бар. Мәселен Әлішер Кәрімов үш түрлі пирамиданың арбауына түскенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Аузы күйген үрлеп ішер". Алайда Кәрімовке аталған екі оқиға да сабақ болмаған. Әнші үшінші жолы алаяқтарға бір пәтердің ақшасын ұстата салған.
"Үшінші рет қарындасымның пәтерін саттық. Менімен бірге тұрғысы келді. Ол ақшаны бірдеңеге салмасақ, кетіп қалады. 10 жыл араласқан досым шақырған пирамидаға бар ақшаны салдық, сонымен жоқ", – дейді ол.
Әнші кеткен қаржыны қайтаруға тырыспаған.
"Өмір алма-кезек деген сөз бар. Аллаға тапсырдым. Бір рет берген Алла келесіде де берер", – дейді әнші.