300 адамды алдаған: Алматыда қаржылық пирамида филиалының басшыларына қатысты тергеу басталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп "The Finiko" қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Finiko" ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адамнан арыз түскен. Ал шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам сомаға тең.
Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу кезінде компанияның дүниежүзілік қор нарығында тіркелмегені анықталған.
"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, "Thefiniko" симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген", – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады