Әйел екі итін киіндіруге 8 млн теңгеден аса ақша жұмсаған
46 жастағы америкалық әйел Шелия Одден екі итіне киім алуға 19 мың доллар (8 млн теңгеден аса) жұмсаған. Ол сыртқа шыққан кезде жануарлардың бір киімді екінші рет қайталап кимеуін қадағалайды екен. Бүгінде екі жануардың гардеробында 600-ден аса киім бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mirror-ға сілтеме жасап.

"Қандай да бір іс-шараға, фототүсірілімге барсақ, итке бір киімді екінші рет кигізбеймін", - дейді жануарлардың иесі.
Одден иттеріне киімді сатып алып қана қоймай, өз қолымен де тігеді. Тек өз жануарларына емес, басқаларға да сатады. Оның тапсырыспен киім тігетін интернет дүкені бар.
Сондай-ақ, америкалық әйел екі иттің денсаулығын жіті бақылайды. Оларды жуындырып, шашын өзі алады әрі дұрыс тамақтандырады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі