AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмір бойы әріп танымаған 98 жастағы кейуана алғаш рет партаға отырды

98 жастағы Кения тұрғыны алғаш рет партаға отырды. Бала кезінде мектепке бармаған Присцилла Ситиени ғұмыр бойы не оқып, не жаза алмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Ол мектепке аттестат алу үшін ғана емес, немерелері мен шөберелеріне үлгі болу үшін келген. Қазір кейуана 6-сынып оқушыларымен бірге оқып жүр. 

Ұстаздар Присцилланы талпынысы мен тәртібі үшін мақтауда. Ал ғасыр жасаған оқушының өзі сыныпта өтетін сабақтарды да, дене шынықтыруды да ұнататынын айтты. Егде жасына қарамастан, Присцилла белсенді өмір салтын ұстанады. Үйдің тірлігіне араласып, егін егеді. 



"Мектепте оқығым келеді деген кезде балаларым қолдады. Бірақ олар менің үлгерімім төмен болады деп алаңдады. Себебі мен оқи алмаймын. Мен оқуды да үйренемін дедім. Қолымнан келіп жатыр. Балалармен араласқан кезде өзімді бақытты сезінемін. Себебі осы дүние мені қалыпта сақтайды", – дейді Присцилла Ситиени.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр