Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әйелді жұмыстан бір минут бұрын кеткені үшін жұмыстан шығарып жіберген

Қытайда бастығы қызметкерді орынсыз жұмыстан шығарғаны үшін жауапқа тартылып, оған өтемақы төлейтін болды. Ван есімді азамат бір жыл ішінде тек алты күн жұмыстан бір минут бұрын ерте кеткені үшін орнынан қуылған. Бұл турал Stan.kz ақпарат агенттігі New Express хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ван есімді қызметкер бұл компанияда үш жыл жұмыс істеген. Тіпті "өте жақсы рекордқа" ие болған. Алайда өткен жылдың соңында HR менеджері Ванға қоңырау шалып, оған камералық бейнебақылау жазбаларынан оның үстелінен жылдың алты күнінде белгіленген уақыттан бір минут бұрын ерте кеткенін айтқан. Осылайша оны жұмыстан босатқан.

Кейін Ван жергілікті еңбек құқықтары жөніндегі органға шағым түсіріп, компанияны сотқа берді.

Сот Ванның жұмыс үстелден бір минут ерте тұруы, жұмыстан сол уақытта шықты дегенді білдірмейтінін мәлімдеді. Компания оған ескерту жасамаған.

Сот жұмыс беруші қызметкерді ескертусіз жұмыстан шығармауы керек деп шешті. Үкімде Ванды жұмыстан шығару заңсыз екені, тіпті ешқандай дәлелсіз ақылға қонымсыз әрекет болғаны айтылды. Нәтижесінде сот жұмыс берушінің әрекетін заңсыз деп танып, экс қызметкеріне өтемақы төлеуге міндеттеді. 



Бұл оқиға қытайлық желілеріде кеңінен талқыланды.

"Неліктен онда компания жұмысқа ертерек келген қызметкерлерге өтемақы ұсынбайды?", "Бұл қатыгез компания жазалануы керек"- деп жазды көпшілік.

Қытайда желіде жұмыс орнындағы қатал ережелер жиі талқыланады. Наурызда Шығыс Аньхой провинциясындағы компания жұмысшыларына ұялы телефондарды пайдалануға, жұмыс уақытында кетуге қатаң тыйым салу сияқты "түрмедегідей" ережелерді енгізгені үшін жұртшылықтың наразылығына тап болған.

Талқылау