47 жыл өлім жазасын күткен жапониялық ер адамға үкімет 500 миллион теңгеден аса өтемақы төлейтін болды
Жапонияда өлім жазасын 47 жыл күткен Ивао Хакамада есімді азамат кінәсіз деп танылды. Нәтижесінде үкімет оған 217 миллион иен шамамен 1,44 миллион доллар (500 миллион теңгеден аса) өтемақы тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kyodo порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіби боксшы Хакамада 1966 жылы төрт адамды өлтірді деген айыппен қамауға алынды. Қаза тапқандар оның бастығы, бастығының әйелі мен екі баласы болды. 20 күндік жауап алудан кейін ол кісі өлтіргенін мойындады. Бірақ сотта азаптағаннан соң ғана мойындағаны айтылды.
1968 жылы Хакамада кінәлі деп танылып, ең жоғары жазаға кесілді. Өлім жазасын күтіп, ол 46 жылын түрмеде өткізді. Тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енді.
2014 жылы сот сотталушының ДНҚ - сы қылмыс орнында табылған генетикалық қан материалымен сәйкес келмейтінін дәлелдеді.
Ер адамның адвокаттары иісті бұйрықты Жапонияның Сизуока префектурасының аудандық соты шығарғанын хабарлады.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген