Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір-бірін сүйеді: Екібастұзда жоғалып кеткен жасөспірімдерді Өскеменнен тапты

Екібастұздық 13 жастағы қыз бен 17 жастағы жігітті полиция көрші облыстан тапты. Құқық қорғау органдары олардытуған жеріне ата-аналарына тасбыстамақ.

Жасөспірімдер 4 күн бойы іздеуде болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат хабарлайды Павлодар облысының полиция бөліміне сілтеме жасап.

Полицейлер  ата-аналары арыз жазғаннан кейін бірден іздеу жұмыстары басталғанын айтты. Жұмысқа еріктілер де атсалысты. Олар 17 жастағы жігіттің Өскеменде екенін билинг жүйесі арқылы білген.

Тәртіп сақшылары Екібастұз тұрғындарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан тапты. Қазір ата-аналарды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі де қарастырылуда.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында 75 бала жоғалып кетті. Оларды полицейлер іздеп, ата-анасына тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдер 8 қыркүйек үні жоғалып кетті. Іздеуге қатысқан еріктілер бұған 13 жастағы мектеп оқушысы мен 17 жастағы жасөспірім екеуінің арасындағы махаббат себеп болғанын айтты. 

Талқылау