"Бір ай Түркияда тұрып келдік": Ермек Шынболатов актриса Ақбота-Нұрмен не байланыстыратынын айтты
“Дәстүр” фильмі арқылы танылған актер Ермек Шынболатов отандық кино жұлдыз Ақбота-Нұрмен қалай танысқанын “Taboo” бағдарламасында айтып берді.
Фото: https://www.instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Қос өнер иесі түрік еліне барып, фильм түсіріп келді.
“Ақбота жеке парақшасына видео жүктеп еді, халық шулап кетті. Қызық болып жатыр. Бірақ сол жобада бірінші рет таныстым. Әркім әртүрлі пікір айтып, неше түрлісін естідім. Екеумізде тек шығармашылық қарым-қатынас. Басқа ештеңе байланыстырмайды. Бір ай Түркияда тұрдық. Жобаның түсіріліміне қатыстық. Оған менің сезімім жоқ. Оның да маған көңілі ауды деп ойламаймын”, – деп күлді актер.
-
"Көптен күткен арманым": Ақбота Нұр қуанышты жаңалығын бөлісті
-
Ақбота Сейтмағамбет: Мен екінші рет тұрмысқа шығуға дайынмын
Жас талант иесі қандай фильм түсіріп жатқанын да айтып берді. Ақбота екеуі ғашық адамдардың образын сомдайды екен.
“Халық шулап кетті ғой. Ол видео да фильмнің түсірілімінен үзінді ғана болатын. Бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын қос ғашықтың рөлін сомдаймыз. Әкем болып Дулыға Ақмолда ағамыз ойнайды. Түрік елінде бір ай тұру өте қиын екен. Елді сағынып әрең жеттім”, – деп жауап берді өнер иесі.
Айта кетейік, Ақбота-Нұр жеке парақшасындағы видеосы оқырманға түрлі ой салды. Қалың көпшілік жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжауға кіріскен еді.
"Әдемі жарасып тұрған сияқты. Жақсы жұп шығар еді", "Екеуінің видеосы көп шығып жатыр. Араларында сезім бар сияқты", "Екеуінің арасында не бар? Кім біледі?", "Екеуі кездесіп жүр ме?", "Бақытты болыңдар", "Әдемі жарасып тұр. Фильмде ғана емес, өмірде де қол ұстасып жүрсе таңғалмаймын", – деп жазды оқырман қауым.