Ақбота Сейтмағамбет: Мен екінші рет тұрмысқа шығуға дайынмын

Ақбота Нұр-Сейтмағабет екінші рет тұрмысқа шығуға қарсы емес. Лайық жан болса қазір-ақ тұрмыс құруға дайынмын дейді Ақбота. Алайда әнші шығармашылық жұмыстың көптігінен жеке өміріне бөлуге уақыт таппай жүр. 

Ақбота-Нұр: Анашымның жанымда болғаныңызды қалап едім

"Биыл менде көп түсірілімдер, шығармашылық жұмыстар жүріп жатыр. Былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Дүкендерден, жарнамадан ұсыныстар түсіп жатыр. Күнделікті фототүсірілім жасаймын. Кино, бейнебаяндар бар. Жақында "IL quatro" тобымен бейнебаян түсірдік. Ұсынысты топтың жігіттері айтты. Мен бас тартқан жоқпын. Себебі олар бұрын өзім бірге оқыған жігіттер. Алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Ақбота "Опмай-опмайға" берген жауабында.

Нумеролог маман Ақботаның 26-27 жасында тұрмыс құратынын, осы жасы ең қолайлы кезең екенін айтқан еді. Алайда әнші нумерологтерге еш сенбейтінін айтады. 



"Бұрын 1-2 рет нумерологке барғанмын. Бірақ қазір сенбеймін. Тұрмысқа шығатын шығармын. Қазір жоспарлап жүрген жоқпын. Бірақ лайық жігіт кездесіп жатса, тұрмыс құруға қарсы емеспін", - деді әнші.

Бұған дейін Дәуренмен біржола ажырасқанын айтқан әнші енді өмірлік серік болар жанды күтіп жүр.  

Ал, күйеуінен ажырасқан Ақбота бұдан былай қыз ұзатпайтынын айтып қалды. 

"Мен қазір қыз ұзатпаймын. Ұсыныстар түсіп жатады. Мен бас тартамын. Менен жасы үлкен әншілер ұзатсын. Жазира, Қарақат аналарымыз лайықты. Мен қазір оған дайын емеспін", - деді Ақбота. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр