"Бір алтын үшін мың баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартуына қарсымын": Бибігүл Дәулетбекқызы Елдос Сметовтің діни әңгімелеріне қарсы шықты
Танымал журналист, қоғам белсендісі Бибігүл Дәулетбекқызы жастарға уағыз айтатын сала өкілдерін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
БАҚ өкілінің айтуынша, әнші әнін айтып, спортшы жаттықтыру керек екенін жеткізді.
“Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: "Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін" деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу! Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін! Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт!” – деп жазды ол.
Одан кейін журналист Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтың: “Ата-ана – осы өміріңді дұрыстауға да, ақыретіңді дұрыстауға да Алланың берген бонусы” деген сөзіне шүйлікті.
“Мына сөзінен кейін тіпті жиренеді екенсің! Бұған әке-шешесі бонус шығар?! Дәл мен үшін ата-анам – алтын тәжім!”, – деп жазды журналист.
Еске салайық, "Анасы жанынан қалмайды" деп Елдос Сметов өзін және отбасын сынап жатқандарға жауап берген еді.

Министр Нұртілеуді ұстады деп жалған ақпарат таратқан Orda.kz құрылтайшысы кім және оны қандай жаза күтіп тұр?
