"Үстіміздегі жылы теңге бағамы тұрақты болады". Сөйлемнен қате табыңыз

Қарапайым адамдар ғана емес, жаңалық, ресми баяндамалардан да қате сөз қолданыстарын жиі естуге болады. Солардың бірі орыс тілінен тікелей аударылып, тілге, құлаққа сіңісіп кеткен тіркестер "үстіміздегі, ағымдағы жыл", "өткен жыл". Бүгінгі шығарылымда тілде дұрыс қолданбай жүрген сөз тіркестерінің келесі легіне шолу жасаймыз.

Орыс тіліндегі "Текущий год" тіркесін тікелей үстіміздегі жыл деп аударған. Бұл - калька. 

Қазақ тілінде осы жылды білдіретін "Биыл" сөзі бар. "Үстіміздегі" жыл деген тіркеспен бірге қолданылып жүрген "Ағымдағы жыл" тіркесін де қолданбаған жөн.

Биыл - кіріккен сөз, жасалуы: (бұл+жыл). Сол сияқты, "бүгін" сөзін мысалға келтіруге болады: (бұл+күн).

«Кіріккен сөздер – құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналған сөздер» деген анықтама берілген ғалымдар зерттеулерінде.

Осы сияқты өтіп кеткен жылды да "В прошлом году" мағынасындағы калька. Бұл сөздің дұрыс қолданысы "Былтыр" болады.

Былтыр - кіріккен сөз. Жасалу жолы: (бір жыл дүр). 

Біз, Stan.kz редакциясы, қазақстандықтар қазақ тілінде сауатты жазып, сөйлегенін қалаймыз. Осы орайда, "Таза тіл" шығарылымдар сериясын жарияладық

Қазақ тілінде сөйлеуде тағы қандай сәттерде қиындық туындайды? Адамдар қай кезде жиі қателеседі? Егер сауалдарыңыз болса, келесі форма арқылы бізге сұрақ жолдаңыз

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр