Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Былтыр тексергенде қалдық болған жоқ". Ақтөбе облысындағы шошқа фермасына қатысты мамандар жауап берді

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин Бестамақ ауылындағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Алға ауданының Бестамақ ауылында болған оқиғаның видеосы тараған болатын. Кадрлардан тұрғындар жергілікті шошқа кешенінің қалдықтары өзендерге төгіліп жатқанын айтты. Олар кәсіпорынды жабуды талап етті.

Облыс әкімінің орынбасары 19 қараша күні таңертең жергілікті тұрғындармен кездесу өткенін айтты.

"Экология департаментінен, ветеринарлық бақылау комитетінен, жер инспекциясынан тиісті мемлекеттік органдар саны 10 адамнан тұратын бастамашыл топ құру туралы келісті. Қазір келіп түскен өтініштер бойынша тиісті рұқсат құжаттары рәсімделуде. Өздеріңіз білесіздер, 1 қаңтардан бастап президент шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий жариялады. Тексеру барысында тиісті шаралар қабылданатын болады. 

Ветеринарлық инспекция басшысы Темірбек Нұртазин бұған дейін ЖШС қызметіне ветеринарлық санитария бойынша шағымдар болмағанын мәлімдеді.

"Біз өткен жылы тексергенде өндірістерінде қалдық болған жоқ. Малды союдан кейінгі барлық өнімдер жем цехын өңдеуге кетеді. Биылғы жылы экструдер істен шықты, сондықтан олар зауыт аумағынан тыс жерде жүре бастады. Видеода қалған қалдықтар тұрмыстық қатты заттар", - деді ол.

 

 

Талқылау