Білім министрлігі: Жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалімдерге айыппұл тағылады
Жалған дипломмен мектепте сабақ берген мұғалімдерге 2000 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу не қоғамдық жұмыстарға тартылады, деп хабарлайды
Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабына сәйкес, құжаттарды қолдан жасау 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе 600 сағатқа дейін түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуға, екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу әкеп соғады.
"Жалған құжаттарды пайдаланғаны үшін 160 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 160 сағатқа дейін түзеу не қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - деп хабарлайды ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”