Білім министрі: Мұғалімдер ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлемеуі тиіс
Мұғалімдер ата-аналарды балаларға жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлемеуі тиіс. Бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан тамыз конференциясында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Өз сөзінде министр білім беру процесі үшін кәдімгі дәптердің өзі жеткілікті деген пікірде екенін айтты.
«Барлық сынып үшін жұмыс дәптері міндетті емес деген пікірдеміз. Және мұғалімдер ата-аналарды жұмыс дәптерін сатып алуға мәжбүрлемеуі тиіс. Естеріңізде болса, таяуда ғана жазу үлгісі мен кәдімгі дәптерлерді пайдаландық. Жұмыс дәптерлеріне қазіргідей мөлшерде қаржы бөлінген емес», - дейді білім министрі.
Айта кетсек, сонымен қатар Асхат Аймағамбетов қазақстандық оқушыларға мектепке оқулық алып келмеуге рұқсат берілетінін айтты.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”