"Билеттер қайтарылады": Төреғали Төреәлінің наурыз мерекесіне жоспарланған концерті өтпейтін болды
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің Астана мен Алматы және Шымкент пен Тараз қаласында жоспарланған концерті өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Өнер иесінің әріптесі Мақпал Жүнісова хабарлады.
“Төреғалидың концерті кейінге қалдырылыпты. Әншінің концерті денсаулығына байланысты шегерілген. Сатылған билеттер түгел қайтарылады”, – деп жазды әнші.
-
"Бір пәтердің құны": Төреғали Төреәлінің ата-анасы қыздарына сырға сыйлап, қызу талқыға түсті
-
"Толқынның бас әрпі": Төреғали Төреәлі "ТТТ" сөзінің қайдан шыққанын айтты
Эстрада жұлдызының әкесі ақпан айында концертке шақырған еді. Алайда Stan.kz тілшісінің сұрағына жауап бермеді.
“Ассалаумағалейкум, ағайын! Алланың қалауымен Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі ұлымыздың концертінде аман-есен, төрт көзіміз түгел, бас қосуды нәсіп етсін”, – деп жазған еді арт-менеджер.
Еске салайық, Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен араласпай кеткенін мойындаған еді.