"Биыл маған тұрмысқа шықпасаң, басқа қызға кетемін": Әнші Элизат күйеуінің қалай қорқытқанын айтты
Элизат Берікова "Жаңа LIKE SHOW" бағдарламасында күйеуі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізушілер сұхбат барысында Балжан Бидашқа сахнада үйленуге ұсыныс жасаған жігітті ескеріп, әншілерден шаңырақ көтеру туралы естеліктерін бөлісуді сұрады. KeshYou тобының экс-солисі Элизат Берікова мұндай ұсынысты керісінше өзі жасағанын айтып қалжыңдады.
"Қаншама жыл жүрдік қой. Сегіз жылдай ма жүрдік. Мен келісімшартта болдым ғой. "Күте тұр",- дедім. Сосын ол: " Онда биыл маған тұрмысқа шықпасаң, басқа қызға үйленіп кетемін", - деп әдейі айтты (Күлді). "Не мен, не мансабыңмен кет", - деді. Содан мен барлығын тоқтаттым да, күйеуге шығатын болдым. Өзім мені алшы деумен ұсыныс жасаған шығармын",- деп күлді Элизат Берікова.
Әнші күйеуінің романтик емес екенін, кей кездері сол үшін де ұрысып қалатынын жасырмады.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен