Бейсен Құранбек: Мен кеткен кезде орынбасарларымнан бастап, еден жуушыға дейін қимай қоштасты
Бейсен Құранбек дарыны журналист, мейірімді әке, асыл жар, әр қазақты бауырым деген азамат. Ол туралы айтылар естеліктер толастар емес.
Бұл туралы "Жас өркен" газетінің сайтында жариялнды.
Журналистикаға менімен қатар келген қыздар өте мықты болды. Олар: Жайна Сламбек, Бибігүл Жексенбай, Ләззат Танысбай, Дана Нұржігіт, Айгүл Мүкей, Ғалым Боқаш, Қасым Аманжол, Серік Сарыбаев, Досан Қызайбек тағы басқа толып жатқан талантты қыздар. Кішкентай кездеріңізде олардың атағы дүркіреп тұрды, бүкіл ел таныды. Бірақ, бір өкінішті жайт – журналистикаға келген қыз балалардың көбінің жеке өмірі артта қалып қояды. Мұны біз айтпасақ, сендерге кім айтады? Қатар жүрген достарыма 25-ке келгенде «күйеуге шығыңдар» деп ана жігітті бір, мына жігітті бір әкеп таныстырдық. Болмады. Өйткені, олар ай сайын шетелге барады, жақсы ақша табады. Біраз жүре тұрғысы келген шығар. Ал жасы отызға келгенде, көп әріптестерімнің көзінен мұң көрдім…
Бейсен Құранбек: Ата-анаңызды тыңдамаңыздар, жақсы жігіт кездессе, 1-курста-ақ тұрмысқа шығыңыздар
Мен 20 жасымда журналистикаға келдім. 23 жасымда ҚазҰУ-дың журфагының күндізгі бөліміне оқуға түстім. Қарасам, жан-жағымдағы өзге әріптестеріме жете алмаппын. «Мен бұларды қайтсем де қуып жетем» деп алдыма мақсат қойдым.
Бәсекелестіктің арқасында компьютерде жылдам теруді үйрендім, он саусағым бірдей жұмыс істейді. Жылдам оқуды, есте сақтауды меңгердім. Кез келген мамандықты жаттығу арқылы меңгеріп кетуге болады, әсіресе, тележурналистикада. Онда маңыздысы – уақыттан қалмай жұмыс істеу. Ал газет-журналда басқашалау, онда асықпай ойлану, терең қорыту, сараптама, сезім басымырақ болады. Өкінішке қарай, осы жерде отырғандардың 80 пайызы телевизияға барғысы келеді екен.
Бағана сендер тележурналистиканы әншілер мен әртістер жаулап алғанына реніш білдірдіңдер. Өйткені, олар бізге қарағанда уақытқа бейім, жақсы сөйлейтін, өзін жақсы көрсете алатын болды. Өзіңді басқа біреудің алдында емес, өзіңнің алдыңда дәлелдеуің керек. Сол үшін көбірек ізденуге тура келеді. Қоян қашып бара жатыр, оның артында қасқыр. Қоян – білім, ал қасқыр – білім алғысы келетін сіздер. Қасқыр ақырын жүрсе, қоян қашып кетеді", - деді сұхбат барысында.
Бейсен Құранбек сұхбат барысында өзінің бауырмал екенін айтқан. Алайда бір басында кемшілік те көп екенін жасырмайды.
"Менде де кемшілік жетеді. Бірақ, бір жақсысы, мен адамның бәрін бауыр көремін. «Жетісу» телеарнасында 5 жыл директор болдым. Өз еркіммен кеткен кезде орынбасарларымнан бастап, еден жуушыға дейін қимай қоштасты. «Айтуға оңайда» ел мені жақсы көріп жатса, ол менің керемет журналист болғанымнан емес, адамдарға деген ниетімнің түзулігінен деп ойлаймын", - деді ол.
Бейсен Құранбек: Елордадағы жақсы жұмысымды, үйімді тастап анамның қасына бардым